Мұғалім туралы пікір

Светлана Николаевнаны ұстаз ретінде балаларымызды 5 сыныпқа қабылдаған кезінен бастап танимыз. Ол байсалды, тыным таппайтын, адамгершілігі мол адам. Қатал ұстаз болғанымен, оқушыларға әділ және мұқият қарайды. Ол сабырлы және салмақты, әрбір баланың адамгершілік құндылықтарын құрметтейді. Ол өзінің жұмысын жақсы көреді және бар жан-тәнін береді. Өз пәніне деген сүйіспеншілігін балаларға да  жеткізе алады. Өз білімін, балаларға беруге аянбайды. Оның сабақтары әр түрлі және қызықты өтеді. Бұны балаларымыздың пәнге деген қызығушылығынан көруге болады.

Ата-аналар Светлана Николаевнаның сабағына, сыныптан тыс іс-шараларға белсенді қатысты. Светлана Николаевна сабақтарын түсінікті, қызықты өткізеді. Сабақтарында әр оқушы жұмыс істейді, санайды, оқиды, есеп шығарады.  Мұғалім танымдылық қызметін қалыптастыру  арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып отырады: зерттеме, пікір сайыстар, экскурсиялар т.б. шаралар өткізеді.

Ол әр баламен тіл табыса білгені, жоғары бағаланады.

 Оқушының әрбір жағымды және жағымсыз жасаған қылықтары, сынып жетекшінің назарынан тыс қалмайды. Ол әр жағдайға мұқият және сауатты қарайды.

Ол балаларды үлкендерді сыйлауға, Отанды, туған жерді, туған-туысқандарын сүюге, достықты бағалай білуге тәрбиелейді. 

 Светлана Николаевна жеке уақытын аямай, барлық білімін, жан-дүниесін, мейірімін біздің балаларымызға береді.   Балалар зор құрметпен қарайды, өздерінің сырларымен бөліседі.  

Светлана Николаевна – өз жұмысына адал, жауапкершілігі мол сынып жетекші. Оның балалар мен ата-аналар алдында зор құрметке ие тұрарлық ұстаз.

Автор: Ата-аналар қоғамы
Просмотров: 58246
Дата создания: 3 Декабря 2012 г.
Дата редактирования: 3 Декабря 2012 г.