Список документов
Ата-аналар атынан мұғалім туралы пікір

Мектеп туралы ең ыстық естеліктің бірі – алғашқы ұстазым! Өткен 90-шы жылдарының басында  менің анам мектепке , алғашқы ұстазыма -  Файзиева Роза Кыямовнаға әкелді.   Роза Кыямовна  маған білім әлемін ашты, мектепке мен қызыға қатысатынмын өйткені, оның сабақтары өте қызықты өтетін, мұңайуға уақыт та қалмайтын. Жылдар өтіп, мен сыныптан сыныпқа көштім, сонда да оқуға деген құштарлығым суымайтын.  Роза Кыямовна маған ең алғашқы білім  кірпішін қалады,  осы кісінің арқасында мен мектепті қызыл дипломға тәмәмдадым.  Міне жылдар өтіп ,енді менің балама бірінші сыныпқа баратын кез келді. Ең алғашқы сәттен бастап ол өз оқушыларына қамқорлықпен, мейіріммен қарайды.  Роза Кыямовна  балаларға деген сүйіспеншілігі мол, шыдамды. Ол пәнге деген қызығушылықтарын арттыра алады, балаларда қызығушылықтарын және  сабырлықтарын дамыуға тырысады. Қандай да тынымсыз бала болса да, ол әр оқушымен тіл табыса алады. Біздің Роза Кыямовна  әр  шараны көңілді және салтанатты мерекеге айналдыра алады.  Ол барлық балаларға көңіл бөледі. Оның іс бөлмесіне жақындасан , әр қашан да балалал тыныш отырып, мұғалімді тындап, немесе жазып отырады.  Біздің балалар онымен еш қашан мұңаймайды, оларға бұл мұғаліммен әр қашан да қызықты! Міне осындай ұстаз болу қажет- тәрбиеші, дос және көмекші!

Автор: Елеуова А.С.
Просмотров: 3093
Дата создания: 20 Февраля 2013 г.
Дата редактирования: 20 Февраля 2013 г.
www.egov.kz
Опрос