Список документов
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Тюлюгунова Н.К. туралы әріптестің пікірі

Нұргүл Карипжанқызы – педагогикалық қызметінде өзін білімді, шығармашылығы мол ұстаз ретінде көрсетті. Н.Карипжанқызының педагогикалық ұстанымы – барлық тәрбие және оқу жұмыстарын адамгершілік ойларға бағындырып, талаптану.

Оқушылардың өз пәніне қызығушылығын ояту әр мұғалімнің қолынан келе бермейді. Ал, Н.Карипжанқызы өз пәніне оқушылардың қызығушылығын ғана емес, сонымен қатар жақсы көретін пәннің біріне айналдырғанын толық сеніммен айта аламын. Н.Карипжанқызы оқушылар ұжымын ұйымдастырып, әр балаға сүйіспеншілік пен түсінушілікпен қарайтын жан. Ол өз балаға еңбексүйгіштікке, танымдылыққа, белсенділікке тәрбиелейді. Ол сабағын жайдары, мейірімділікте, өзін байсалды ұстап өткізеді, мұнда оқушылар мемлекеттік тілде дұрыс және әдемі сөйлеуге үйренеді.

Н.Карипжанқызы өзіне де, оқушылардан да қатал тәртіпті талап ететін ұстаз. Н.Карипжанқызы балаларды адалдыққа, шындыққа, берілген істі жауапкершілікпен орындауға, адамгершілігі мол азамат болуға тәрбиелейді.

Н.Карипжанқызының жоғары педагогикалық қабілеттілігіне байланысты, әр түрлі сыныптан тыс іс-шараларды өткізуде, ұжымды ұйымдастырып, жоғары нәтижелерге ие болады. Ол аудандық байқаулардың лауреаты. Оның оқушылары қазақ тілі және әдебиет пәндері бойынша аудандық олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Нұргүл Карипжанқызы – өз жұмысына адал, жауапкершілігі мол, мейірімді жан. Ол оқушылар мен әріптестері алдында зор құрметке ие болуға тұрарлық ұстаз. Н.Карипжанқызының әр сабағы мен басқа да іс-шаралары балаларды білімпаздыққа тәрбиелеп, мейірімділікке бастайды.

Автор: Орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Бегимбетова Л.К.
Просмотров: 9953
Дата создания: 30 Января 2013 г.
Дата редактирования: 30 Января 2013 г.
www.egov.kz
Опрос